Атырау, 21 қараша 19:28
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Атырау облысының тұрғыны Витебск қаласында өткен фестивальда бірінші орын алды

777 просмотра

14 шілдеде Атырау облысы Индер ауданы Аққала ауылының тумасы Ерназар ЖҰБАН "Славян базары Витебск-2024" фестивалінде бірінші орынды иеленді. 

Ерназар бұл жолы "Подберу музыку" композициясын орындап, көрермендер мен қазылар алқасын таң қалдырды. 

- Мен алтыншы жыл қатысып отырмын және бұл соңғы жыл. Алты жыл бағымды сынадым. Биыл менің жылым болды, - дейді Е. Жұбан. 

Нәтижесінде екі номинация бойынша үздік ұпайға екі қатысушы ие болды. Ол молдавалық Каролина Балан мен жерлесіміз еді. Гран-при молдавалыққа бұйырса, ал бірінші орынды Е. Жұбан жеңіп алып, 15 доллар ақшалай сыйлық пен "Лира" арнайы сыйлығын иеленді. 

Аққалалық Мэлс пен Қалмаштың ұлының жетістігін Қазақстанның жеңісі деп бағалау керек. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 шілде, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.