Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Құны 280 миллион теңгеге жуық дәрі-дәрмек қолданыстан шығарылды

444 просмотра
Фото: freepik.com

Құны 279,5 миллион теңге тұратын дәрі-дәрмек қолданыстан шығарылды. Себебі, мерзімі өтіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірыңғай дистрибьютор жүйесінде сатып алуды сапасыз жоспарлау салдарынан медициналық ұйымдардың сатып алынған препараттардан бас тартуы жағдайы тіркелді.

Бұл заң бұзушылықты Жоғары аудиторлық палата анықтады.

Мемлекеттік реттеу тіркелмеген дәрі-дәрмектердің бағасын қамтымайды, салдарынан дәрі-дәрмектер өндіруші зауыт бағасынан 2000%-на дейін үстеме бағамен сатылған.

«Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағаларды қалыптастыру әдістемесін бағаны жүздеген пайызға көтеруге болатындай етіп әзірлеген. Қате баға белгілеудің себебі осы», - деді жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов.
15 шілде, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.