Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

692 просмотра
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің шығысында ғана сақталады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты күн райы бұзылып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп болжанады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының орталығы мен тауларында нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы мен Жетісу облыстарында аптап ыстық болады, ал Қарағанды мен Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтіледі.

Сондай-ақ, болжам бойынша Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Ал Түркістан, Маңғыстау облыстары, Жамбыл өңірінің батысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

13 шілде, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.