Атырау, 24 маусым 10:23
 дождьВ Атырау +23.5
$ 486.19
€ 554.26
₽ 6.51

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті

1 057 рет қаралды

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы  стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды.

Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

12 шілде 2024, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.