Атырау, 21 қыркүйек 07:44
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Доллар 450-ге дейін төмендей ме: Ұлттық банк басшысының болжамы (ВИДЕО)

763 просмотра
видеодан скриншот

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов «доллар бағамы 450 теңгеге дейін төмендейді» деген болжамға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұндай болжамды қаржы сарапшылары жасаған. 

«Доллар 450 теңгеге жете алмайды. Негізгі және нарықтық факторлар бар. Олардың қалай дамитынын ешкім білмейді. Егер нарыққа Ұлттық қор есебінен доллардың көлемді құйылуы болса, әрине, доллар бағамы төмендейді», - деді Сүлейменов.

Ол сондай-ақ Ұлттық қордан қосымша трансферт туралы шешімді Үкімет қабылдауы тиіс деп қосты.  

Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов сарапшылардың әр түрлі болжамдарына күліп, реакция білдірді. Ұлттық банк басшысы қаржы сарапшыларын оның ведомствосында жұмыс істеуге шақырды.

12 шілде, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.