Атырау, 21 қыркүйек 07:41
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесін қарағаны сотталғанның өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан босату дегенді білдірмейді - Конституциялық Сот

780 просмотра

Конституциялық Сот азаматтың кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуға байланысты Қылмыстық кодекстің 72-бабы сегізінші бөлігінің 4) тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарап, қорытынды шешім шығарды.

Өтініш субъектісі 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодекстің 124-бабының үшінші бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған (көрінеу жас балаға қатысты азғындық әрекеттер жасау). Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін сот жоғарыда аталған шектеулерге сілтеме жасай отырып, қабылдамаған.

Өтініш субъектісінің пікірінше, қолданыстағы шектеу Конституцияның 14-бабына қайшы келеді (кемсітушілікке жол бермеу), өйткені ол Қылмыстық кодекстің 72-бабына өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған осындай іс-әрекеттері үшін жазасын өтеп жатқан басқа сотталғандармен тең емес жағдайға қалдырады. 1997 жылғы Қылмыстық кодексі (күші жойылған редакцияда) негізінде сотталғандарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығы сақталған.

Конституциялық Сот өтініш субъектісі көрсеткен сотталғандардың бұл санатының шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын сақтауы заңның кері күшінің конституциялық ережесі (Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы және Кодекстің 6-бабының үшінші бөлігі) негізінде қалғанын атап өтті. Жауапкершілікті күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды.

Конституциялық Сот өтініш иесінің 2016 жылғы қазан айында, яғни кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға шектеу енгізілгеннен кейін сотталғанына назар аударды.

Тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Кодекстің 72-бабы 8-бөлігінің 4) тармағы қолданысқа енгізілгеннен кейін сотталғандарға қатысты кемсітушілік жоқ екенін атап өтті.

12 шілде, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.