Атырау, 21 қыркүйек 10:28
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Депутат Бапи өзінің уланғаны туралы ақпаратқа жауап берді

538 просмотра
Сурет: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ауырып қалғанын, қазіргі таңда нақты диагноз әлі белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ісіп кеткен қолы мен денесіндегі дақтардың суретін жариялады. 

“Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!” - деп жазды ол әлеуметтік желілерде. 

Ulysmedia редакциясы депутаттың пікірін күтіп отыр. 

Ермұрат Бапи - 2023 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланған қазақстандық журналист. Ол “Дат” оппозициялық газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. Былтыр “Парасат” орденімен марапатталған. 

Ол депутат болғалы қазақстандықтарды алаңдататын өткір мәселелерді көтеріп жүр. Әсіресе, “Ескі Қазақстан” өкілдері, оның ішінде Назарбаев әулетін жиі сынайды. 

11 шілде, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.