Атырау, 21 қыркүйек 10:31
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

"​Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да жүйелі түрде бюджет қаражаты ұрланған​

430 просмотра

Астана қ. "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.

Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды.

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
11 шілде, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.