Атырау, 21 қыркүйек 10:39
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Жайлы мектеп: қосымша 700 мыңнан астам оқушы орны қолжетімді

401 просмотра
Фото: primeminister.kz

Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №97 мектеп-гимназиясында болды. Ғимарат бұрынғы апатты жағдайдағы мектептің орнына тұрғызылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық жоба аясында салынған алғашқы мектеп жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілмек. Бүгінде нысан 95%-ға дайын, онда әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектепте 945 оқушы білім алатын болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті орта құрылды. Барлық оқушының өзіндік қажеттіліктерін ескере отырып, заманауи технологиялар енгізу арқылы білім сапасы артады, шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында материалдық-техникалық база жақсартылады.

Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қосымша 700 мыңнан астам оқушы орны қолжетімді болады.

Үкімет басшысына мектеп ғимаратының құрылысы мерзімінен бұрын жүзеге асырылғаны туралы баяндалды. Ол үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының екі ауысымдық кестесі ұйымдастырылды. Барлық кезеңде орта есеппен 250 адам тұрақты түрде жұмыс істеді. Бүгінде негізгі жұмыстар аяқталып, технологиялық жабдықтармен жарақтандыру жүріп жатыр.

Олжас Бектенов құрылыс жұмыстарының сапасын бақылаудың маңызды екенін баса айтты.  

«Алматы мектептерінің шамадан тыс толуы – аса өткір мәселе, сондықтан құрылысты мерзімінен бұрын аяқтау қажет. Бұл ретте алдымен сапаға басымдық берілуі керек. Балаларға арналған инфрақұрылым қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай болуы керек, технологиялық жарақтандырылып, балаларымыздың қолайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік беруі тиіс», — деп атап өтті Премьер-Министр.
11 шілде, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.