Атырау, 21 қыркүйек 10:39
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Премьер-министр Алматыдағы ірі кәсіпорындар жұмысын тексерді

352 просмотра
Фото: primeminister.kz

Олжас Бектенов Алматының индустриялық аймағындағы кәсіпорындарға барып, өндірісті локализациялауды тереңдетуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет басшысы «Ирригатор Қазақстан» зауытында өнімділікті көбейтіп, су үнемдеуді арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суаруға арналған, Израиль технологиясы бойынша жасалатын түтікшелер өндіру процесін қарап шықты. Биыл қаңтар айында іске қосылған кәсіпорын жылына бау-бақша, жидек, көкөніс және дәнді дақылдарды суаруға арналған 270 млн метр өнім шығаруға қабілетті. Компания директоры Мұрат Ақшалов жобаға израильдік METZERPLAS компаниясынан 770 млн-нан астам шетелдік инвестиция тартылғанын, бұл жобаның жалпы сомасының үштен бірін құрайтынын айтты.

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға кәсіпорынды толық қуатына шығару мәселесін пысықтауды тапсырды. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда тамшылатып суару нарығы 70 мың га құрайды.

Сонымен қатар, Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнына барды. Құны 16,4 млрд теңге болатын зауытты кеңейту жобасы толығымен инвестор есебінен іске асырылған.

Сондай-ақ Astana Motors компаниясының негізін қалаған Нұрлан Смағұлов жұмыс істеп тұрған Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан басқа жылына 90 мың жеңіл автомобиль шығара алатын мультибренд зауыты (2025 жылы іске қосу жоспарланған), автокөлікке арналған қосалқы бөлшектер шығаратын үш зауыт және логистикалық хаб кіретін өндірістік кластерді дамыту жоспарлары туралы хабарлады. Жұмыс орнының жалпы саны 6 мың адамнан асады.

Премьер-Министр Үкімет отандық автоөнеркәсіпті қолдау шараларын одан әрі жалғастыратынын баса айтты. Өз кезегінде бизнес ұдайы дамып, локализацияны арттыруы керек.

11 шілде, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.