Ташкентте 9 шілдеде бірге тұратын ер адам мен әйел арасында жанжал шығып, оқиға бала өлімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
UzNews.uz хабарлауынша, Ташкент Бас прокуратурасы оқиғаның мән-жайын зерттеуде. Ашуланған 31 жастағы ер адам өзінің сүйіктісінің үш жасар ұлын бірнеше рет пышақтап, қашып кеткен.
Бала оқиға орнында қайтыс болды.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады, күдікті ұсталды.