Атырау, 21 қыркүйек 10:41
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Алматыдағы кардиология орталығының қызметкерлері басшылықтың қысымынан соң жаппай жұмыстан кетті

453 просмотра

Алматыдағы кардиологиялық орталықтың дәрігерлері жаңа басшы келгелі айлығы қысқарып, жұмыста мазасы қашқандарын айтады. 30 жылдан астам тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыстан кетуге мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Медицина қызметкерлерінен бастап, орталықтың есеп-қиасбын жүргізетін есепшілер де басшылықтың қысымы жұмыстан кетуге мәжбүр етті дейді. 

“Ең алғаш бұл кісі келмей тұрғанда отделениеде мен ставка және қосымша жарты ставка алғанбыз. Бұл кісі келгенде жарты ставкалардың бәрін қысқартып тастады. Менікі басында 300-350 болса, кейін мына жерге келгенде 170 мыңға түсті”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Сәуле Ынтымақова.

Одан бөлек, жаңа басшы мекеменің атына дақ түсірмеу үшін ауыр науқастарды қабылдамайтын көрінеді. 

“Олар өздерінің статистикасын құртпас үшін жағдайы ауыр науқастарды қабылдаудан бас тартады. Ал бұрын бізге қаланың барлығы келетін. Бұрын бізде жолға қойылған жұмыс болған. Ұзақ жылдың тәжірибесі бар мамандар болды”, – дейді қала тұрғыны Рая Әмірсейітова. 

Кардиологиялық орталықтың басшысының айтуынша, науқастарға тиімді ем-шара жасау үшін жаңа технологиялар әкелініп, орталықта біраз өзгерістер болған. Жұмыстан өз еркімен кеткен жандардың орнына өзге мамандар келген екен. Орталықтың басшысы зейнет жасына жеткенін алға тартып, қызметіне адал екенін айтады. Сөзіне сенсек, бүгінде орталықтағы өлім жағдайы 200 есеге дейін төмендеген.

“Былтыр қазан, қараша, желтоқсанды алсақ, сол кезден бастап 25—27 шақты адам жұмыстан кетті. Өз еркімен жұмыстан шықты, оларды ешкім қуған жоқ. Біз орталыққа өзгерістер енгіздік. Бірақ ұжымдағылар ол өзгерістеріді түсінбеді, қабылдай алмады. Бір жыл ішінде орталықтағы өлім көрсеткіші 200 есеге төмендеді”, – дейді орталық басшысы Роза Қуанышбекова.

11 шілде, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.