Атырау, 21 қыркүйек 10:37
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Туризм және спорт министрлігі туристік агенттікті таңдау бойынша ұсыныс берді

432 просмотра

Қазақстандағы мемлекеттік электронды реестрдің дерегіне сәйкес «Е-лицензиялау» порталында 9 489 турагент пен 558 туроператор тіркелген, деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Туристік агенттікті таңдау бойынша ұсыныстар:

ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының реестрі орналастырылған. Саяхатшы туристік компанияларға жүгінген кезде турагенттің қызметі туралы хабарламаны және туроператордың лицензиясы бар-жоғын тексере отырып, барлық қажетті құжатты талап етуге құқылы.

Туристік кодтың болуына назар аудару қажет. Туркод – әрбір туристке кепілдік ретінде туроператор беретін бірегей нөмір. Ол туроператор өз міндеттерін орындау мүмкін болмаған немесе орындамаған жағдайда туристті елге қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында беріледі. Туристік өнімді сату кезінде туроператор алған қаражатты пайдалана отырып, турлардың электронды реестрі автоматты түрде туристік кодты береді.

Халықаралық әуе қатынасы 121 бағыт бойынша 28 елге орындалады.

Туризм индустриясы комитеті турагенттердің, туроператорлардың, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электронды реестрін жүргізеді. Бұл олардың қызметін тұрақты бақылауға және барлық нормативтік талапты сақтауға жол ашады.

11 шілде, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.