Атырау, 21 қыркүйек 10:29
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Грузиядан зорлауға оқталғаны үшін сотталған тұлға экстрадицияланды

397 просмотра

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан, ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған. 

Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған.  Соған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды. 

2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялықтарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. 

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

11 шілде, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.