Атырау, 21 қыркүйек 10:51
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Қарағандыда «синтетика» сатып жүрген 24 жастағы ару ұсталды

341 просмотра
Фото: polisia.kz

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен аса ірі көлемде есірткі сатуы мүмкін деген күдікпен 24 жастағы азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оған жүргізілген тінту жұмыстары барысында ұнтақ тәрізді төрт пакет тәркіленді. Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың жалпы салмағы 2,3 келі синтетикалық есірткі екені белгілі болды», – деді Қарағанды облыстық оплиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Айта кету керек, тәркіленген синтетикалық есірткі 4 мың адамның қолына жетуі мүмкін еді. Өйткені бұл салмақ 4600 бір реттік дозаға тең.

10 шілде, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.