Атырау, 10 желтоқсан 01:10
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Әй, қыздар-ай...

2 915 просмотра

Маусым айы басталғаннан бері атыраулық полицейлер үйлерінен ата-аналары мен туыстарын ескертпестен бірнеше күнге кетіп қалған қыздарға 5 рет «Іздеу» жариялады. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Айдың алғашқы күндері 24 жасар әйел ата-анасымен болған кикілжіңнен кейін баласымен бірге үйінен кетіп қалады. Екі апта іздестіруден кейін полиция қызметкерлері оны Құлсары қаласындағы жалдамалы пәтерден аман-сау күйінде тауып алды.

Содан кейін 19 жасар қыз жоғалып кетті. Ол 3 күннен кейін табылды. Оның оқу орнында проблемалар болып, бірге тұрып жатқан апасының ашуынан қорқып, ол үйге бармауды шешеді. Полиция қыздың жалдамалы үйде тұрып жатқанын анықтап, үйіне қайтарды.

Келесі арыз 13 жасар қыздың анасынан келген екен – қызы құрбысына барам деп кетіп, белгіленген уақытта қайта оралмаған. Шын мәнінде ол Привокзальныйдағы «Арбатқа» Интернет арқылы танысқан жігітпен кездесуге барған. Екеуі 2 күн жалдамалы пәтерде уақыт өткізген. Қашқын қызды полицейлер сол «Арбатта» жүрген жерінен тапты.

Содан кейін аудан орталықтары бірінің 16 жасар тұрғыны жоғалып кетті деген дабыл түсті. Бірнеше күн өткеннен кейін ол Атырауда жалдамалы пәтерден жігітпен бірге табылды. Полиция қызметкерлері жанжалдың үстінен түсті – қызымыз жігіттің әйелі бар екенін біліп қойыпты.

Жаңа келіп түскен жаңалық – 25 маусымда Сарыөзектегі (Черная речка) үйінен 17 жасар қыз кетіп қалған. Ол ата-анасына өзін іздемеу туралы хат жазып кеткен екен. Кейіннен анықталғандай, ол туыстарынан жасырып, күйеуге қашып кетіпті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 маусым 2013, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.