Атырау, 20 желтоқсан 14:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада 35 шаршы метр пәтерге 1000-ға жуық адам тіркелген

527 рет қаралды

Астанада мыңға жуық адам тіркелген «резеңке» пәтердің иесі сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады прокуратура.

Мемлекеттік айыптаушы прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

10 шілде 2024, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.