Атырау, 21 қыркүйек 10:28
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

СҚО-да қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы парамен ұсталды

367 просмотра


Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафинов жұмыс кабинетінде пара алу барысында ұсталды. Осындай ақпарат қазіргі кезде әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Ақпаратқа сенсек, оқиға тоғызыншы шілде күні, түс ауа болған. Әділет Мұстафиновты сыбайлас жемқорлыққа қарсы департмент мамандары жұмыс кабинетінде 1 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсірген. Күдікті ақшаны белгісіз әйелден тамақтану саласына көмектесу үшін алған. Қазіргі кезде ҚАЖД бастығы уақытша тергеу изоляторына қамалған. Тергеу амалдары басталды.

10 шілде, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.