Бүгін, 10 шілдеде ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ еске салады:
құтқару кеудешесін киіңіз;
жүзу құралын ішімдік ішкен күйінде басқармаңыз;
балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.