Атырау, 21 қыркүйек 10:32
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Компания «Жетіген» аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жүргіз​бегені үшін аванстық төлемді кері қайтарды

382 просмотра
Беларусь әскери қызметшілері ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері құрамында "Жетіген" әскери аэродромын қорғау бойынша тапсырмаларды орындауда

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қорғаныс министрлігінің «K-Dorstroy» АҚ-на 1 млрд 36 млн теңге көлемінде аванстық төлем және 31 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратура.

Аталған АҚ Алматы облысының Іле ауданындағы «Жетіген» аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенген, бірақ келісім шарттарын орындамаған.

Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты Бас әскери прокуратура бірқатар шаралар қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізді.

Нәтижелері бойынша залал толық көлемде өтелді: борышкер мемлекет кірісіне 1 млрд 67 млн теңге аударды.

10 шілде, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.