Атырау, 17 ақпан 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Қазақстан мен БАЭ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау​ мәселесін талқылады

598 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Қазақстанның Әмірліктердегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі Абдалла бен Султан әл-Нуеймимен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялаудың, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің бірқатар мәселелерін талқылады.

Әмірліктердің Әділет министрі Қазақстанмен қарым-қатынастардың даму динамикасына оң бағасын бере отырып, талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді.

Тараптар екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту мен нығайту мақсатында барлық күш-жігерлерін жұмылдыратынын атап өтті.

10 шілде 2024, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.