Атырау, 21 қыркүйек 09:44
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Сот Қайрат Нұртастың апелляциялық шағымын қарады

237 просмотра

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды.

Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қ.А. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Бірінші сатыдағы сот К.А.-ның ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады.

Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді  тоқтатуды сұрады.

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

10 шілде, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.