Атырау, 21 қыркүйек 09:42
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Іле-Алатау ұлттық паркі туристер үшін жабылды

320 просмотра
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы облысының Талғар ауданында 9 шілдеден бастап табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қауіпсіздік мақсатында жергілікті билік келушілер үшін Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды шектеуге шешім қабылдады.

«Бұл шешім Сол Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан Морена көлін босату және селден қорғау құрылысының алдында өзен арнасын тазарту бойынша алдын алу шараларын жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл іс-шаралар Талғар, Кендала, Ақтас елді мекендерінің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қазір Талғар ауданы әкімдігінің, ТЖД және Қазсельсорғау қызметкерлері аумақта жұмыс істеп жатыр.

9 шілде, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.