Атырау, 23 сәуір 21:15
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Путин: Сноуден әлі Мәскеу әуежайында

2 332 просмотра
Ресей президенті Владимир Путин америка арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Мәскеу әуежайында екенін растап, оны экстрадициялау туралы АҚШ талабын орындай алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Финляндияға барған сапарында айтты.

Путиннің айтуынша, Сноуден "ерікті адам" және оның "Шереметьево" әуежайына аялдауы Ресей билігі үшін "күтпеген жағдай" болды.

Өткен жексенбіде Гонконгтен Мәскеуге ұшып кеткен нақты қай жерде жүргені соңғы күнге дейін белгісіз болып келген еді.

АҚШ-та оған америка барлау қызметінің құпия бағдарламасын әшкерелегені үшін "тыңшылық жасады" деген айып тағылып, іс қозғалған.

Сейсенбіде Сауд Арабиясында сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеумен қарым-қатынасты Сноуденге бола нашарлатудың қажеті жоғын айтып, оны АҚШ-қа қайтаруға шақырды. 

"Құрама Штаттар соңғы екі жылда Мәскеу сұратқан жеті тұтқынды Ресейге қайтарды. Біз Ресейдің де заң талабына бағынғанын қалаймыз" деді Керри.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
26 маусым 2013, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.