Атырау, 21 қыркүйек 09:39
 ашықВ Атырау +26
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

ҚМА денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша тергеуді бастады​

409 просмотра
Видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды.

Тергеу әрекеттері барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды.

Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% - құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

9 шілде, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.