Фотосурет: vlast.kz«А» корпусының кадр резервіне іріктеу аяқталды. http://kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған тестілеуден, содан соң аймақтық және ұлттық әңгімелесуден сәтті өткендер тізіміне Атырау облысынан басқарушы звеноның мемлекеттік әкімшілік қызметшілері резервіне төмендегі тұлғалар енді:
Серік АРЫСТАН (Махамбет ауданы әкімінің орынбасары)
Амангелді БАРАҚАТОВ (Құрманғазы ауданының әкімі)
Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВА (облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы)
Ерлан ЖАҢАБАЕВ (Махамбет ауданының әкімі)
Максим ІЗБАСОВ (Жылыой ауданының әкімі)
Ерболат ҚАДИМОВ (облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, балық саласына жетекшілік етеді)
Ернар БАСПАЕВ (облыстық әділет департаментінің бастығы)
Мақсот МҰҚАНОВ (Қызылқоға ауданының әкімі)
Марат МУРЗИЕВ (облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары)
Аслан ҚҰМАРОВ (облыстық ревизиялық комиссия мүшесі)
Ерболат ОМАРОВ (облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы)
Нұрлыбек ОЖАЕВ («Аджип ҚКО» қызметкері)
Бауыржан ОРАЗОВ (облыстық ревизиялық комиссияның бөлім бастығы)
Мұхит ІЗБАНОВ (Атырау облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басқармасының бастығы – облыстық Тәртіптік кеңестің төрағасы).
Бір қызығы, бүкіл атыраулық шенеуніктердің ішінен 1-санаттың 1-тобына тек Жұмағалиева мен Баспаев қана үміткер болып, топқа өткен. Бұл топқа облыстың, астананың және республикалық маңыздағы қалалар әкімдерінің аппарат басшыларының позициясы кіреді.
1-санаттың 2-тобына облыстық маңыздағы қалалардың, облыстағы аудандардың және қалалардағы аудан әкімдерінің, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің аумақтық органдары басшыларының позициялары жатады.
Ал 2-санатқа ревизиялық комиссия төрағасы мен мүшелерінің лауазымдары кіреді. Бұл санатқа Атырау облысынан Құмаров пен Оразов өтті.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА