Атырау, 17 ақпан 03:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Қазақ-өзбек шекарасында жерасты үңгіржолы арқылы Үндістан дәрілері тасымалданған

699 рет қаралды
Фото: Kun.uz

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қазақ-өзбек шекарасынан 310 метрлік жерасты үңгіржолын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kun.uz хабарлауынша, препараттар Дели — Ташкент — Алматы рейсімен тасымалданған.

Сосын контрабанданы Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан Ташкент облысының Ташкент ауданына туннель арқылы жөнелткен. Қылмыскерлерден 17 мыңнан астам препарат тәркіленді. Олардың барлығы - Үндістанда жасалған дәрі-дәрмектер.

«Ұзындығы 310 метрлік туннель желдету жүйесімен жабдықталған. Онда контрабандистер жүктерді тасымалдау үшін арбаларды пайдаланған», - делінген ақпаратта.

Контрабандистер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

3 шілде 2024, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.