Атырау, 27 шілде 04:48
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Пара берем деп тұтылды

2 831 просмотра

Қала прокурорының көмекшісіне пара бермек болған Атырау тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен брифингте облыс прокурорының орынбасары Бауыржан САУҒАБАЕВ хабарлады. Инспектор 2011-2020 жылдарға арналған баспананы терможаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында үйлерге жөндеу жүргізген бірнеше мердігер компаниялардың «мүдделерін» қорғаған. 15 үйге жөндеу жүргізу кезінде мердігерлер құрылыс материалдарын әжептәуір үнемдепті, бұл сапасына әсер еткен. Бұдан басқа, жұмыс техникалық қадағалау өкілінсіз қабылданған. Осы барлық заң бұзушылықтар үшін құрылысшылар заң алдында жауап беруі тиіс еді. Жауапкершіліктен қашып құтылғысы келген бірнеше мердігер тұрғын үй бөлімінің инспекторынан прокуратура қызметкеріне пара беруді ұсынған.

17 маусымда инспектор қалалық прокуратура ғимаратында қылмыс үстінде ұсталды. Сол күні оған қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 312-бабының 4-тармағы («Пара беру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол Атырау қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторында жатыр, оны қамауға санкция алу туралы мәселе шешілуде.

Естеріңізге салсақ, алғашқы екі жылда терможаңғырту бағдарламасы бойынша Атырауда 812 миллион теңге сомаға көппәтерлі 45 үй жөндеуден өткізілген еді. Үстіміздегі жылы билік тағы 46 үйге күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Оған бюджеттен 1,6 миллиард теңге бөлінеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 маусым 2013, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.