Атырау, 6 шілде 01:04
 ашықВ Атырау +35
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

302 просмотра
Фото: Ақорда

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Әуежайда оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті.

Бұдан өзге, бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілді.

3 шілде, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.