Оқиғаға куә болған азаматқа сілтеме жасап, Рейтер Агенттігінің хабарлауынша, президенттік сарайға шабуыл жасалған.
Кабулдық полиция басшысы Мохаммад Захир шабуылдың нақты орнын растай алмайтынын атап өтті, бірақ жарылыстардың жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы 6:30-да орын алғанын нақтылады.
НАТО-ның халықаралық контингенті бірнеше күн бұрын ғана елдегі қауіпсіздікті бақылау міндетін толығымен ауғандық құқық қорғау қызметіне тапсырған болатын.
Дереккөз: inform.kz