Атырау, 4 шілде 20:51
 ашықВ Атырау +26
$ 472.57
€ 508.34
₽ 5.40

Қуандық Бишімбаевтың изоляторда төбелесіп қалғаны рас па?

502 просмотра

Әлеуметтік желіде азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу изоляторында төбелес шығарды деген ақпарат тарады. Azattyq Rýhy Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мұның рас-өтірігін білді.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Бишімбаев изоляторда бірге отырған камераласымен сөзге келіп, оған дене жарақатын келтірген. Алайда ҚАЖК бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының өзі бұл үкімге келіспей, шағым түсірді. Бірақ апелляциялық алқа бірінші инстанциядағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

2 шілде, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.