Атырау, 20 желтоқсан 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мамырда қаржы ұйымдарына қатысты 8 мың шағым түскен

592 рет қаралды

Мамыр айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 8 101 өтініш түсті. Бұл туралы агенттік есебінде жарияланды, деп хабарлайды Курсив.

Шағымдардың көбі банк секторына тиесілі, жалпы көлемнің  44,1%-ын құрады. Микроқаржы ұйымдары бойынша өтініштер жалпы шағымның 41,7%-ын, коллекторлық агенттіктер 6,8%-ын, сақтандыру нарығы субъектілері 2,0%-ын, өзге ұйымдар 4,0%-ын, қаржы ұйымдарының атауын көрсетпеген шағымдар 1,4%-ын құраған.

Шағымдарды қарау нәтижесінде агенттік 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 5 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 10 хаттама бойынша 4,0 млн теңге жалпы сомаға 10 әкімшілік жаза қолданған. Оның ішінде  1,5 млн теңге көлеміндегі 2 әкімшілік жаза банктерге, 2,2 млн теңге көлеміндегі 7 әкімшілік жаза коллекторлық агенттіктерге, 369,2 мың теңге  көлеміндегі әкімшілік жаза сақтандыру ұйымдарына тағайындалған.

2 шілде 2024, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.