Атырау, 3 шілде 15:08
 ашықВ Атырау +26
$ 471.83
€ 505.66
₽ 5.40

Қырғызстандағы сел: опат болған тоғызыншы адамның денесі табылды

433 просмотра
Фото: instagram.com/mchs_kyrgyzstan/

Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында селдің түсуі салдарынан қаза тапқан тоғызыншы адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 маусымда Абшыр-Ата ауылында селден опат болған тоғызыншы баланың денесі табылды. Қазіргі уақытта оның аты, тегі және туған жылы анықталып жатыр. 

Cactus.Media мәліметтері бойынша, 9 адамның екеуі ересек, қалғаны - 2016, 2013, 2012, 2008, 2005 жылы туған балалар мен жасөспірімдер. Оның ішінде төрт қазақстандық бала бар.

Естеріңізге сала кетейік, жұма, 28 маусым күні, Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданында сел жүріп өтті. Салдарынан жолдар, көпірлер қирап, тұрғын үйлер су астында қалды. Қаза тапқандардың арасында Қазақстаннан төрт бала бар. «Абшыр-Ата» демалыс аймағынан 1400 демалушы эвакуацияланды. ТЖ режимі жарияланды.

1 шілде, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.