Атырау, 3 шілде 10:13
 ашықВ Атырау +34
$ 471.83
€ 505.66
₽ 5.40

Павлодарда өзін-өзі тапаншамен атқан полицей қайтыс болды

417 просмотра
gov.kz

Павлодар қаласының №1 ауруханасы 2002 жылы туған жас жігіттің қайтыс болғанын нақтылады. Ол өзін-өзі табельдік тапаншамен атып, жарақаттаған болатын, деп хабарлайды KAZINFORM.

Павлодар облысының Ертіс ауданында жас полицей өзін-өзі табельдік тапаншамен ауыр жарақаттап, жедел жәрдем оны жансақтау бөліміне жеткізген.

Өкінішке қарай, Павлодар қаласының №1 ауруханасының дәрігерлері 2002 жылғы туған жігіттің өміріне араша түсе алмады. Ер адам есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бұл ақпаратты аурухана басшылығы нақтылады. Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы мен себебі анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде, - деп хабарлады Полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.
1 шілде, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.