Атырау, 13 қаңтар 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Қырғызстанда қаза болған балалардың денелері Өскеменге жеткізілді

508 просмотра

Қырғызстандағы Ош облысының Ноокат ауданында селден қаза болған ауыл тұрғындары мен туристер арасында Шығыс Қазақстанның 4 баласы бар, деп хабарлайды KAZINFORM.

  • Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймақта жүрген сел шығысқазақстандықтардың өмірін қиып кетті.

    ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін балалардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Өңір әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған барлық қызметтердің мамандары жұмылдырылды.

    - Аймақ басшысы Ермек Көшербаев марқұмдардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты балалардың туыстарына көңіл айтты, - делінген ақпаратта.
  • 1 шілде 2024, 09:46

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.