Атырау, 2 шілде 18:26
 ашықВ Атырау +22
$ 475.18
€ 510.72
₽ 5.47

Ауа райы болжамы: бірқатар аймақта найзағай ойнауы ықтимал

506 просмотра
Фото: freepik.com

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн ала бұлтты болмақ. Кей өңірде найзағай ойнаса, өзге өңірлделерде дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 30 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. қ. Түркістан: 30 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігнде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 30 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Өскемен қ.: 30 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 30 маусымда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 30 маусымда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 30 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде облыстың батысында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 30 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Алматы қ.: 30 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 30 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысы

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 30 маусымда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

30 маусымда Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 30 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен онтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қ.: 30 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 30 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 30 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 30 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30 маусым, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.