Көлік министрлігінің кеме жүзетін жағдайға келтіру мақсатында Жайық-Каспий каналын тереңдету жобасына сағада жасалған екі жарылыс (министрлік бұл туралы білмейді) салдарынан жоспарланғаннан 2 миллиардқа аз жұмсалады.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанның Көлік министрлігі Жайық пен теңізге шығуды, яғни Жайық-Каспий каналына кеме жүргізу идеясымен айналысқан еді. Мәселе мынада еді: саға соңғы бірнеше онжылдықта қатты лайланып, сонау Кеңес заманынан бері бірде бір рет тазаланбай, тереңдігі резеңке етіктен жоғары аспайтын батпаққа айналған болатын.
Су тасқыны жағдайды сәл болса да жақсартты, бірақ «Теңізшевройлдан» күкіртті және KPI Inc-тен полипропиленді басқа елдерге экспорттайтын Жайық-Каспий каналы бағыты бойынша ірі тонналы кемелерді өткізуге жеткіліксіз. Ал бұл бүкіл облыстағы өмірлік маңызы бар ресурстың жай ғана апатты тайыздануы емес, №1 міндет болғаны белгілі. Бірақ, бір жамандықтың да бір жақсылығы болады дегендей, тасқынның септігі тиді.
Көлік министрлігінің бұған дейін «АЖ» сауалына берген жауабына сүйенсек, Жайық-Каспий каналын тереңдету жұмыстары көктемде 1 сәуірде басталуы керек еді. 2024 жылға арналған бюджетте бұл мақсатқа 5,3 миллиард теңге қарастырылған. Жаңартылған мәліметтерге қарағанда, қаражат айтарлықтай қысқарған – енді бұл мақсатқа 3,25 миллиард теңге бөлінеді.
Су тасқынының алдын алу шаралары аясында Атырау облысы әкімдігінің «Облысқа төтенше жағдай режимін енгізу туралы» қаулысымен осы жылы каналға жоспарланған жұмыс көлемінің бір бөлігі ғана атқарылуының арқасында қысқартып тастаған. Яғни, тәуелсіздік жылдарында атқарылмаған жұмыстар төтенше жағдай кезінде санаулы күнде жүзеге асырылды. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін екі балшық сорғыш кеме пайдаланылды: біреуі «Павлодар өзен порты» АҚ-на тиесілі болса, екіншісі «Амфибия» атты Астрахань компаниясына тиесілі.
Белгілі болғандай, 2024 жылдың 11 сәуірінде Жайық-Каспий каналының шығысындағы Жайық өзенінің сағасында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ Instagram парақшасында хабарлады. Екі рет жарып, нәтижесінде өзен сағасы 50 шаршы метр аумақта 40-тан 200 см-ге дейін тереңдеді. Су бірден жылдам ағып, бәрінің көңілдері орнына түсті, өйткені бұл қаланы су басып қалмаудың қосымша мүмкіндігі болатын.
Алайда бұл мәселеге қатысты Көлік министрлігінің жауабы таң қалдырды. Олар сағада екі рет жару жұмыстары жүргізілгенінен бейхабар болып шықты.
«Каналдағы тереңдету жұмыстары кезінде жару жұмыстары қолданылмады, сондықтан бұл мәселелер бойынша ақпарат жоқ», - деп жауап берді «АЖ»-ға вице-министр Мақсат ҚАЛИАҚПАРОВ.
Бәлкім бұл екі жарылыстың жаңғырығы Астанаға жетпеген шығар, кім біліпті.
...Егер жұмыстар жүргізілсе, лайлануға бейім Жайықтың табиғи ерекшелігі қалай болмақ? Өйткені, сағаны тазалау жыл сайынғы шара болуы керек. Кеме жүруге жарамды болуы үшін және бұл республика бюджетіне ауыр соқпауы үшін жұмыстарды уәкілетті органның кәсіпорындары жүргізетін болады. Бүгінде бұл «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
«Министрліктің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті жобасында РМҚК үшін теңіз класындағы балшық сорғыш кемені сатып алу жоспарлануда, бұл каналда тереңдету жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекемелерді тартуға бюджет шығындарын одан әрі азайтуға мүмкіндік береді», - делінген жауапта. Яғни, каналды тереңдету жұмыстары үшін Павлодар өзен портының қажеттілігі біржола жойылып, бәлкім кейінгі жылдары бұл бізге арзанға түсетін шығар.
Ақпарат үшін, Жайық-Каспий каналы орталық көпірден басталады: өзен бөлігі Пешной аралына дейін 35 шақырымды, теңіз бөлігі - аралдан бастап кіру қалтқысына дейін - 21 шақырымды құрайды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА