Атырау, 13 қаңтар 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер қалай жазаланатыны белгілі болды

1 177 просмотра
Фото: freepik.com

Туризм және спорт вице-министрі Мадияр Төлебаев құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Егер де мемлпекеттік қызметкер немесе әскери адам құмар ойын ойнап, бәс тіксе, лауазымдық қызметінен айырылады. Демек, жұмыстан шығарылады. Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты мұндайда айыппұл салу санкциясы қарастырылмаған. Егер ол мемлекеттік бюджеттің қаражатын бәске тіксе, мұндай істер жеке қаралады. Себебі, бюджеттік қаражатты жымқыру қылмыстық кодекс аясында қарастырылады», - дейді ол.

Вице-министр атағандай, мемлекеттік қызметкерлердің 5 жылдан кейін қызметіне қайта оралу мәселесін Мемлекеттік қызмет істер агенттігі қарастырады.

«Ол жеке оқиғалар бойынша комиссиясының қатысуымен қаралады», - дейді ол.

Мәселен, Қонаев қаласында орналасқан мейрамханалардың ішінде казино бар. Егер мемлекеттік қызметкер құмар ойынға емес, тамақтануға барған жағдайда тексерістер өтуі керек.

«Мемлекеттік қызметкерлер ресепшнде арнайы тексерістен өтеді. Бұл жерде олар казиноға барған сияқты есептеледі», - дейді вице-министр.
27 маусым 2024, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.