Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
- «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;
- «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;
- «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;
- «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
- «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;
- «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;
- «Jibek joly» телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;
- «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
- «24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
- «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;
- «Baqkz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;
- «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.