Атырау, 25 қараша 22:50
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ажал құштырған апат (толықтырылды, ФОТО)

3 481 просмотра

23 маусымда сағат 13 шамасында Атырау – Орал тас жолында Бейбарыс (бұрынғы Чкалов) селосының бұрылысында орын алған көлік апатының нәтижесінде бір адам қаза тауып, жеті адам облыстық ауруханаға жеткізілді.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, алдын ала болжам бойынша «Ниссан-Премьера» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан «Мазда-626» көлігіне соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде «Ниссанда» болған адамдардың бірі (әзірге жүргізуші ме, жолаушы ма, нақты белгісіз) сол жерде көз жұмған.

Облыстық аурухананың науқастарды қабылдау бөліміндегілер хабарлағандай, оларға ЖКО болған жерден барлығы 7 адам келіп түскен. Екеуі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылыпты.

Сол жерде биылғы жылдың 16 сәуірінде бірден 7 адам қаза тапқан сұмдық жол-көлік оқиғасы еріксіз еске түсті. Алған соққыдан жапырылып қалған «Маздадан» санаулы метр қашықтықта («Чкалов маңындағы апат: 7 адам қаза болды» жарияланымын қараңыз) азагүл байланған жол белгісі тұр, ал жерде сол кезде адамдарымен бірге күйіп кеткен «Приораның» күйігінің ізі қалған.

Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Ғалия НҰРҒАЛИЕВА хабарлағандай, Бейбарыс селосының маңындағы ЖКО орын алған жерден ауруханаға әкелінген 17 жасар қыз кешікпей көз жұмған. Апатта ауыр зақым алған 15 жастағы екінші қыз бала жағдайы жақсаруына байланысты жансақтау бөлімінен травматологиялық бөлімшеге ауыстырылыпты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Жеңіса ТҰҢҒАТАРОВ

24 маусым 2013, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.