Атырау, 24 қараша 04:52
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Oракул» Атырау тас жолдарында жасырын тіркеп алады

964 просмотра

Сыртқы түрі кәдімгі жол талғамайтын көлікке ұқсайды: жыпылықтайтын шамдармен жарақталмаған және ІІМ сыртқы айырым белгілері жоқ. Алдыңғы әйнегінің ішінде бейнекамера бар екенін қырағы көзбен ғана байқауға болады. Бұл жаңалық «Оракул инсайт» деп аталады.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жол жүру ережесін бұзушыларды оларға байқатпай анықтауға мүмкіндік беретін бейнетіркеудің жаңа түрі. Көліктер тек облыстың тас жолдарында жүреді, қазіргі уақытта олардың екеуі бар.

Бұл заңды ма? ПД ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы №10 бұйрығына сәйкес барлығы заң аясында өтіп жатыр деп жауап берді. Бұл бұйрықта қызметтік көліктерде жыпылықтайтын шамсыз және полиция нөмірінсіз бейнетіркеуге рұқсат етіледі делінген. Мұның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

15 маусым, 23:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.