Атырау облысының полиция департаменті облыс жолдарында адам өлімі мен жарақат алудың көптігіне байланысты профилактикалық шараларды күшейтуде.
Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері облыс аумағын қиып өтетін облыстық, республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үздіксіз қызмет етуде.
Айта кетейік, ҚР ІІМ 2016 жылғы №10 бұйрығына сәйкес тас жолдарда жарқылдауық маяк құрылғысынсыз және сыртқы ІІМ айырым белгісі жоқ қызметтік автокөліктердің жол жүрісі ережелерін жасырын анықтауына рұқсат берілген. Мақсат - жол апаттарының алдын-алу. Атырауда жыл басынан бері жол апатынан 56 адам қаза тапты. Профилактикалық бағыттағы іс-шаралар күшейтіледі.
Осы ретте, сіздерден жол жүрісі ережелері мен жолдағы сақтық шараларын қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауды ескертеміз.