14 маусымда сағат 20:43-те Атырау қаласы Махамбет көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінің бірінші қабатынан түтін шығып жатырғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы.
Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде аталған мекен-жайдағы үйдің бірінші қабатында орналасқан әйелдер аяқ киімі дүкенінің шатыры жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер өрттің пәтерлерге таралуына жол бермей, өртті тез арада жойды.
Өрттің ауданы 24 ш.м құрайды, дүкеннің жалпы ауданы 100 ш.м.
Өрт сағат 21:04-те оқшауланып, сағат 21:08-де жойылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 18 қызметкер, 5 бірлік техника жұмылдырылды.