Атырау, 24 қараша 10:02
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Соколок каналы: "Атырауға қауіп жоқ"

Сурет Бейнежазба
751 просмотра

«АЖ» тілшісі Соколок каналының жағдайымен танысып қайтты. Бұл каналдың мақсаты – үлкен суды «қабылдап», қаланы қорғап қалу. Бұл учаскеге жауаптылардың айтуынша, қала сенімді қорғалған.

Судың каналды толтырғанына бірнеше күн болды. Қазіргі кезде бұл жерде бөгетті қосымша бекіту жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Мұнымен NCOC  мекемесі айналысып отыр. Төтенше жағдай жөніндегі штабтың координаторы, осы маңдағы жұмыстарға жауапты маман Олжас СҰЛТАНОВТЫҢ айтуынша, ауылдарды тасқын судан сақтау үшін барлық шара алынуда. Қалаға қауіп төніп тұрған жоқ.


 - Бөгет жұмыстары аяқталғанымен, соңғы кездегі жаңбыр топыраққа ойықтар қалдырып кетті. Оған қоса жыңғылдардың тамыры арқылы бөгеттің астымен су өтіп кетпесін деген сақтықпен бөгеттің үстін және түбін бекіту жұмыстары атқарылып жатыр. Қазір бұл жерге 30 техника, 150 сарбаз жұмыс істеп жатыр, - дейді О. Сұлтанов.

Айта кетейік, өткен жұма күні қатты жел мен судың көтерілуі салдарынан Соколок өзені үстімен өтетін көпір жарылып, ортасына түскен болатын. Судың қатты ағысы Соколок каналы арқылы өтетін екінші көпірдің де астына жақындап тұр. Алайда мамандар бұл көпірге қауіп төніп тұран жоқ дейді.

Қазіргі кезде Атырау мен оның маңындағы қорғаныс бөгеттері тәулік бойы бақылауға алынан.

- Бұл жерде тәулік бойы кезекшіліктеміз. Аралдарда мал қойып қойса, техникаларға жанармай қажет болса, осы жерден қайықпен тасымалдап жатырмыз, -дейді қызметте жүрген ТЖД қызметкерлері.

Соколок  каналы үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты, канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны бар екенін атап өткен жөн.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

28 мамыр, 22:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.