Атырау, 25 сәуір 18:05
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ыстамбұлда шерушілер полициямен тағы да қақтығысып қалды

1 626 просмотра

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Бұрын ресми билік ереуілшілерді Гези саябағынан қуып шыққанмен, Ыстамбұлдың бірқатар аудандарында олардың тәртіп сақшыларымен қақтығысуы тағы орын алды, деп хабарлайды РБК.

Полиция бірқатар қала көшелерін жауып тастады, шерушілерге қарсы су шашатын қару мен көзден жас ағызатын газдар қолданылуда, деп хабарлайды Associated Press.

Бүгін Түркияның екі ірі кәсіподақ ұйымы полицияның шамадан тыс күш көрсетуіне наразылық ретінде ереуілге шығуға ниетті.

Таяуда Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған өзінің жақтастарына Ыстамбұлдың Гези саябағын шерушілерден тазарту оның «тікелей парызы» екенін мәлімдеген болатын.

Ыстамбұлда Үкіметке қарсы наразылық акциялары маусым айының басында басталғанын естеріңізге саламыз. Түркия Республикасының тұңғыш президенті Мұстафа Кемаль Ататүріктің бастамасымен бой көтерген Гези саябағын салуға қарсы шеруді полиция күшпен тарқатқаннан кейін бұқаралық шерулер басталған еді.

Көп кешікпей, наразылық таза саяси сипат алды - жастар елдің исламдануына қарсы наразылығын білдіре бастады. Жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде бес адам қаза тапты, 5 мыңнан астам адам зардап шекті.

Дереккөз: inform.kz

17 маусым 2013, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.