Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Депардье 7 елдің азаматтығын алғысы келеді екен

1 560 просмотра

Франция, кейіннен Ресей әртісі атанған, «Алтын глобус» және «Сезар» жүлделерінің лауреаты Жерар Депардье «төлқұжаттар коллекциясын» жинауға көшкен тәрізді. Енді әртіс тағы алты елдің азаматтағын алуды ойға алыпты, деп жазады РБК "Le Journal du Dimanche" басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасай отырып. 

«Мен жеті елдің төлқұжатын иеленсем ба деймін. Мен, тіпті Алжир елінің азаматтығын алғым келеді», - деген ол. 

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің азаматтығын алған соң Ж.Депардье Француз мемлекетінің төлқұжатын кері тапсырған болатын. Солайша, қазір әртіс тек бір елдің азаматы болып табылады.

Ж.Депардье неғұрлым көп елдің төлқұжатын қолға алсам, әлемді соғұрлым еркін саяхаттай аламын деген ойда екен. «Мен өзімді тәуелсіз адам әрі бүкіл әлемнің азаматы деп есептеймін, сондықтан, көп төлқұжат алсам, виза жасатып әуреленбеймін», - деп атап өткен ол.

Әртіс АҚШ пен Бельгияның да азаматтағын алуды армандайды екен. Ол соңғы уақытта Белгияда жұмыс істеп жүр, сол елде тіпті жылжымайтын мүлік сатып алған.

Дереккөз: bnews.kz

17 маусым 2013, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.