Сурет www.anpz.kz сайтынан алынды 14 маусымда Мәскеуде АМӨЗ-дің бұрынғы директоры Владимир Викторович Гафнер 67 жасқа қараған шағында ауыр науқастан көз жұмды.
Ол 1986-1999 жылдар аралығында зауытқа басшылық етіп, соңғы «қызыл» директор ретінде халықтың есінде қалды. Экономика үшін ауыр болған 90-жылдардың басында зауыт мұнай өнімдерін қантқа, өсімдік майына және басқа да өнімдерге айырбас жасап, зауыт қызметкерлерін қамтамасыз етті. Сол кезде сусабын, еріткіштер мен машина майларын шығару өндірісі игерілді, Авангардта, Стройконторада және Шарипов көшесінде ведомоствалық тұрғын үйлер салынды.
Гафнер мазутты айыру есебінен бензин үлесін көбейту үшін қуаттылықты қайта жарақтау идеясын ұсынып, 1994 жылы «Гидрокарбон Инжиниринг» француз компаниясымен келісімшарт жасады. Алайда «ғасыр жобасы» орындалмай қалды, өйткені ол үкімет тарапынан қолдау таппады. 20 жылдай уақыттан кейін зауытта құны 1 млрд 679 млн доллар болатын мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы басталды.
Зауыт ардагері Сақыпжамал ЕСЕНОВАНЫҢ айтуынша, Гафнердің тұсында зауыт қызметкерлерінің еңбекақысы Қазақстандағы ең жоғары еңбекақылардың бірі болған. Зауыт қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері мен зауыт зейнеткерлері қолданған әлеуметтік пакет жасалды. В. Гафнер адал, қарапайым адам еді, деп еске алады ардагерлер. Ол демалыс күндері ешқашан қызметтік көлікті пайдаланбаған, ал жұмыс кабинетінде кешке дейін отырып қалса, үйіне басқа жұмысшылармен бірге қызметтік автобуспен баратын болған екен.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ