Атырау, 24 желтоқсан 04:55
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Құлсаралықтар билікке: «Бізге одолжение жасамаңыздар!»

Сурет Бейнежазба
1 290 просмотра

Құлсары қаласында кеше, 15 мамыр күні басталған наразылық әлі жалғасуда. Жалпы 300-ден аса наразы жұртшылық аудандық әкімшілік ғимаратының қасына палатка тіккен еді. 

- Біз талабымыз орындалмаса кетпейміз, тұра береміз. Өйткені барар жеріміз қалмады, сол себептен үйді бағалау қорытындысын тез шығарып берсін,-деп айқалады наразы жұртшылық. 

"Ақша қолға берілсін",  "Үйдің шаршы метрін нарық бағасы 400 мың теңгемен бағалансын" деген ұрандарды қолдарына алып шыққан.  Түнгі 01.30. Жаңбыр жауып, түн суық. Наразы топтар аудандық әкімшілік ғимаратының ішінде, сыртында тұрды. Әскерилер мен полиция наразылық топтарды сырттай бақылаумен болды.  Наразы халықтың алдына облыстық мәслихатының төрағасы Муса ХАЙРУЛЛИН шығып өзін таныстырып: 


- Мен су тасқыны кезінде сіздермен бір ай бірге болдым. Жоғарғы жаққа талаптарыңызды жеткіздім... Бірақ шаршы метр 400 мың теңге болмайды. Бір сағат ойланып, ақылдасуға мүмкіндік береміз. Сабыр сақтайық, - деді ол.

1,5 сағаттан кейін көпшілік алдына облыс әкімнің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИВ шықты.  

- Біз ақылдаса келе үйдің шаршы метрін 200-240 мың теңгемен бағалаймыз деп шештік. Қазақстанда баға солай, ағайын, түсініңіздер. Одан артық болмайды. Мәселен, 200 шаршы метр үйіңіз болса, 40 млн теңге аласыз. Бағалау қорытындысын бастадық, енді осылай жалғаса береді, -деді ол.  

Бірақ оған жиналғандар көнбеді, наразы үнмен шулап қоя берді.

- Бағалау нәтижесін алдым. Үйімді 12 млн теңгеге бағалапты, оған үй сала да, сатып та ала алмаймын, - деді қала тұрғындарының бірі.

- Бізге одолжение жасамаңыздар!

Наразылық жалғасуда. Естеріңізге түсірсек, көктемгі қарғын суынан 2900 адам және жүздеген коммерциялық нысандар бүлінген болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Автордың оқиға орнынан түсірген суреттері мен бейнежазбалары

16 мамыр, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.