Бүгін, 14 маусымда «Судоремонтник» стадионында «Атырау» футбол клубының басшылығы жанкүйерлерге маусым айындағы трансферлік терезе кезінде алынған бес ойыншыны таныстырды.
27 жастағы сербиялық шабуылшы Ненад ИНЯЦ (бойы 188 см) Сербияның «Бежания» футбол клубынан (Нови-Београд) келді. Ол онда соңғы болып 8 гол соқты. Екінші шабуылшы – 22 жастағы Алексей ЩЕТКИН (бойы 193 см). Соңғы 4 маусымда ол «Жетысуда» (Талдықорған) ойнаған болатын.
Черногориядан келген 26 жастағы жартылай қорғаушы Милош СТОЖЦЕВ өткен маусымда «Ақжайық» (Орал) үшін ойнап, 13 гол соққандығымен танымал.
32 жастағы жартылай қорғаушы Олександр СТАХИВ Украинадан келген. Бірақ, таяуда қазақстандық азаматтық алды. Осы жылы ол 1-ші лигада «Қызылжар» (Петропавл) үшін ойнап, өткен лигада «Қайсар» (Қызылорда) үшін ойнады.
31 жастағы қорғаушы Ренат АБДУЛИН «Атырау» ФК-на келмей тұрып, әр жылдары 5 қазақстандық командаларда ойнады: «Локомотив» (Астана), «Тобыл» (Қостанай), «Восток» (Өскемен), «Қайсар» және «Ордабасы» (Шымкент).
Мурат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ