Атырау, 25 қазан 04:10
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы арзандады

722 рет қаралды
Сурет: railways.kz
Сурет: railways.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарында жол жүру билеттерінің төмендегенін хабарлады.

2026 жылғы 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында билеттер 10% жеңілдікпен сатылады.

ҚТЖ мәліметінше, жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарының барлық үлгідегі вагондарына, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Осылайша, жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде арзанырақ сапарлай алады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

1 қазан, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.